Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ: Әлемдік туризм пандемияның салдарынан 460 миллиард доллар жоғалтты
16:34 / 2020-09-16

Жаһандық коронавирустық пандемияның салдарынан туристер ағыны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 65 пайызға төмендеді


Жаһандық коронавирустық пандемияның салдарынан туристер ағыны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 65 пайызға төмендеді. Нәтижеде 440 миллионға жуық сапарлар жүзеге аспай қалғаннан кейін туризм индустриясы 460 миллиард доллар жоғалтты.

БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы хабарлауынша, салаға келтірілген залал 2009 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде болғаннан бес есе көп! Осы жағдайға байланысты ең көп залал Азия аймағына тура келген. Өйткені туристер ағыны 72 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш Еуропада 66, Африка мен Таяу Шығыста 57, АҚШ-та 55 пайызды құрайды.