Өзбекстан Олий Мажлисі Адам құқықтары жөніндегі өкілі (Омбудсман) Феруза Эшматова Өзбекстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінде ұйымдастырылған бірқатар іс-шаралар мен маңызды кездесулерге қатысты.
Нью-Йорк қаласында Омбудсман БҰҰ-ның Халық қорының (UNFPA) Атқарушы директорының орынбасары Дейн Кейтамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу басында Дейн Кейта Өзбекстан тәуелсіздігінің 33 жылдығымен құттықтап, соңғы жылдары елде жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымын атап өтті. Ол адам құқықтарын, соның ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, халықты, жастарды әлеуметтік қолдау, әйелдерді отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы жұмыстардың оң нәтижелерін жоғары бағалап, бақылап отырғанын жеткізді.
Биылғы жылдың 14 ақпанында Омбудсман БҰҰ Халық қорының жаңадан тағайындалған өкілі Нигина Абасзадемен кездесіп, ынтымақтастық жоспарларын айқындаған болатын.
Дейн Кейтамен өткен кездесуде ол осы жоспарларды жүзеге асыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.