English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүкіләлемде COVID -19 індетін жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты
09:09 / 2020-03-27

АҚШ науқастар саны бойынша Қытайды артта қалдырды


Қытайда пайда болып Бүкіләлемге тараған қатерлі ауру коронавирусты жұқтырған жер беріндегі жандар қатары жарты миллионнан асып 531 860 кісіге жетті.

Джон Хопкинс атындағы Америка университетінің арнайы коронавирусқа қатысты деректер сайтында жарияланған соңғы мәліметтерге сай АҚШ науқастар саны бойынша рейтингтің көш басына шықты. Құрама Штаттарда бір тәулікте 16 мыңнан аса жандардың осы індетті жұқтырғандығы тіркеліп вирус пайда болған ел Қытайды артта қалдырған.

Адамзат атаулығы аса қатерлі болған мына індеттің беті қазірге қайтар емес. АҚШ-тан кейінгі осы індеттің кең құлаш жайған аумағы Италия. Онда 80 589 жан карантиндік бақылауға алынған. Қаза болғандар көрсеткіші 24 мыңнан асты. Ал сауыққан жандар 122 203 кісіні құрауда.

Кеше осы коронавирусқа қатысты әлемнің жиырма көшбасшы елдерінің башылары алғаш рет онлайн форматта жахандық пандемия ахуалына арнарлған саммит өткізіп, онда әлемдік экономикаға 5 трлн доллар инвестиция салумен қатар еркін және тұрақты халықаралық сауданы қолдауға келіскен.

Қазіргі уақытта вирустан ең көп зардап шеккен елдер: 

АҚШ
- 85653 науқас
Қытай - 81782 науқас
Италия - 80589 науқас
Испания - 57786 науқас
Германия - 43938 науқас
Франция - 29566 науқас
Иран - 29406 науқас