Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүкіләлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты
09:34 / 2020-04-28

Коронавирустан ең көп жапа шеккен елдер қатарында АҚШ бірінші орында келеді 988 451 кісі.


Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сай жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген тәжіндетінен жапа шеккендер саны 3 миллионнан асты.

Коронавирустан ең көп жапа шеккен елдер қатарында АҚШ бірінші орында келеді 988 451 кісі ауру жұқтырған. Елдегі жағдай күн санап нашарлап барады. 56 мыңнан астам кісі індеттен көз жұмып, 112 мыңға жуық жан емделіп шыққан.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша әлемдегі пандемия жуық арада бітпейтін көрінеді. Өйткені Африка, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Азияның кейбір бөліктерінде індеттің асқынуы мұның белгісі ретінде баяндалған.

Ал Еуропадағы бірнеше ел карантиннің белгілі мөлшерде шектеулерін азайтып адамдарды күнделікті тұрмысқа қайтуларына мүмкіндік жаратуда. Ең жоғары сатыда тұрған елдің бірі Италияда 4 мамырдан бастап ТЖ алып тастайтыны айтылды. Қазіргі кезде Еуропада Испания 229 422 вирус жұқтырғандық жағдайымен көш басында тұр. 23 мыңнан астам адам қайтыс болып, 121 мыңға жуық жан індеттен сауыққан.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (FAO) Батыс Африка бойынша үйлестірушісі Кумба Соуның айтуынша пандемия Батыс Африкада ашаршылықты арттырып, ондан 50 миллион кісі жапа шегуі мүмкіндігін меңзеген. Өйткені мына індетпен қоса климаттың өзгеруі салдарынан шегіркелердің еккен егіндерді жеп қоюы жағдайды тіпті ауырлатып жіберген. Еуропа пандемиядан енді шыққалы тұрған бір кезде Қара құрлық сол құрдымға енді кіріп бара жатқан секілді.