Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұхарадағы 7 мәдени мұра нысаны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енуі мүмкін
09:14 / 2020-08-10

Бұхарадағы тағы 7 мәдени мұра нысандары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін


Бұхарадағы тағы 7 мәдени мұра нысандары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет министрлігі хабарлады.

Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі, ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы мен Орталық Азия халықаралық зерттеулер институтын тарта отырып, «Жібек жолы: Зарафшан өзені және Қайрақұм бағыты» шекаралық мәдени мұралар арасында «Чор-Бакр» және «Бахауддин Накшбанд» кешендерін, «Вобкент» мұнарасын, «Чашмаи Аюб» кесенесі сәулет нысандарын, ежелгі «Пойкент», «Варахша» және «Вардонзе» қалаларының қалдықтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу үшін құжаттар дайындауда.

Бұл ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген нысандар санының өсуіне және елге келетін туристер санының артуына қолқабыс етері сөзсіз. Бүгінде Бұхара өңірінде 829 материалдық-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған болып, оның 287 - археологиялық ескерткіштер, 507 - сәулет нысандары, 17 - монументалды өнер және 18 - көрнекті орындар болып табылады.