Бұхара және Науаиы облыстарында екі жел электр станциясы салынады
Жобаның жалпы құны 1 миллиард долларға бағаланған және ол 100 пайыз тікелей инвестиция тарту арқылы салынады
Бұхара және Науаиы облыстарында Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы қуаты 500 МВттан 1000 МВт-қа дейінгі жел электр станциясын құрады.
Жобаның жалпы құны 1 миллиард долларға бағаланған және ол 100 пайыз тікелей инвестиция тарту арқылы салынады. «ACWA Power» компаниясы мен Энергерика министрлігі арасындағы келісім-шартқа 5 наурызда қол қойылған болып, мұның нәтижесінде Өзбекстанды 25-30 жыл бойы жасыл энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкін болады.
Қазіргі уақытта таңдалған аумақта жел көрсеткіштерін анықтауға жоғары білікті жергілікті және шетелдік сарапшылар тартылып, олар желді өлшейтін құралдарды (мачта) орнатуда. Бұл құрылғылардың биіктігі 100 метрге дейін жетіп желдің жылдамдығын, бағытын, ұзақтығын және ауа-райы туралы деректерді өлшейді және сақтайды.