Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгіннен бастап Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастар үш санатқа бөлініп емделетін болады
12:57 / 2020-07-05

5 шілдеден бастап республикада covid-19 індеті расталған азаматтарды емдеудің ЖАҢА ТӘРТІБІ күшіне енеді


Республикалық арнайы комиссияның 30 маусымда қабылдаған шешіміне байланысты ендігі кезекте Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқстар үш категорияға бөлініп емделетін болады.

• коронавирустық аурудың жеңіл белгілері байқалған (ауру симптомсыз өтетін) науқастар;
• коронавирус індетін жұқтырғандық орташа ауыр белгілері анықталған (дене қызуының көтерілуі) науқастар;
• коронавирустық аурудың өте ауыр жағдайына тап болған науқастар;

5 шілдеден бастап республикада covid-19 індеті расталған азаматтарды емдеудің ЖАҢА ТӘРТІБІ күшіне енеді:

• симптомсыз және аурудың жеңіл өту жағдайында болған науқастар дәрігердің ұсынысы негізінде санитарлық-гигиеналық ережелер мен күтіміне қажетті жағдайлар болған кезде үйде емделуге рұқсат етіледі;

• аурухана және үй жағдайында емдліп жатқан симптомсыз өту жағдайында болған науқастар 10 күн ішінде індеттің белгілері байқалмаған жағдайда, бақылаудан алыну тәжірибесі енгізіледі;

• коронавиру індетін жұқтырғаны анықталған науқастармен байланыста болғандар 14 күндік карантин мерзімін үй жағдайында немесе белгіленген аурухана, қонақ үйде санитарлық-гигиеналық ережелері мен карантиндік шектеулерге сәйкес рұқсат етілген;

• бастапқы скринингтік тестілеудің оң нәтижесі бар үлгілерді растау талдауын жүргізу құқығы бас санитарлық дәрігердің нұсқауы негізінде аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарына беріледі;

• халықтың деректер базасын құру үшін коронавирустық антиденелерге IFA тестілері, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінен басқа жеке денсаулық сақтау секторындағы медициналық мекемелер қатысуы мүмкін.