Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгіннен бастап Ташкенттегі қоғамдық көлік қатнауы уақытша тоқтайды
08:08 / 2020-03-22

Осы жағдайларды ескере келе Ташкент қаласы әкімдігі бағытсыз жолаушылар таситын таксилердің бағаны өсіруіне жол бермеу шараларын қадағалайды


22 наурыздан бастап меншіктік нысанына қарамай жолаушы тасымалдаушылар қызмет көрсететін барлық қоғамдық көліктер (автобустар, метро және бағытты такси) қызметі уақытша тоқтатылады.

Ташкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Ташкенттегі барлық адамдар көп жиналатын жерлерде, метро станцияларында т.б қоғамдық орталарда қалалық көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ қаладағы ауруханалардың медициналық тобын жұмысқа және үйге тасу үшін олар санына қарай арнайы әкімдік мен Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы негізінде қажетті мөлшерде дезинфекция жасалған автобустар беріледі.

Қалада қоғамдық көліктердің орнына Ташкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы арнайы дезинфекция жасалған уақытша таксилер қызмет ететін болып, әр күні бағыттық жолаушы таситын таксиге санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы дезинфекция жасалғандығы туралы анықтама береді.

Осы жағдайларды ескере келе Ташкент қаласы әкімдігі мынадай тұста бағытсыз жолаушылар таситын таксилердің бағаны өсіруіне жол бермеу шараларын қадағалайды.