Бүгін – Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримов өмірге келген күн
Еңбек жолын 1960 жылы Ташкент ауылшаруашылық машина жасау зауытында бастаған
Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримов 1938 жылы 30 қаңтарда Самарқанд қаласында туған.
Ислам Каримов Орта Азия политехникалық және Ташкент Халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Ташкент ауылшаруашылық машина жасау зауытында бастап, кейіннен В.П. Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер-конструктор болып жұмыс істеді. 1966 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде бас маманнан лауазымынан жұмыс бастап Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасарына дейін көтерілген.
Одан кейінгі жылдары 1983 жылы Ислам Каримов Өзбекстан КСР Қаржы министрі, 1986 жылы Өзбек КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, 1986-1989 жылдары - Қашқадария облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1989 жылдың маусымынан бастап - Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы бол жұмыс атқарған.
1990 жылы 24 наурызында өткен Өзбекстан КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан КСР-нің Президенті болып сайланды. 1991 жыл 31 тамызда Тарихи оқиға орын алып И.Каримов Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады және 1991 жылы 29 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримов 2016 жыл 2 қыркүйекте 78 жасына келген шақта Ташкентте қайтыс болды. Ол 2016 жылдың 3 қыркүйегінде Самарқанд қаласына жерленді. Қазірде оның мемориалдық кешені Самарқандта орналасқан болыпғ Ташкент қаласында алғашқы Президенттік ескерткіші мен музейі ашылды.