English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін Өзбекстанда 1500-ден астам науқас коронавирустан сауығып шықты
23:52 / 2020-08-12

Қазіргі кезде елдегі жалпы індет расталғандар саны 32 654-ке жетіп, өлім көрсеткішінде 211 жағдай орын алғаны белгілі болды


Өзбекстанда тәулік бойы 1569 науқас аурудан сауығып күндік көрсеткіш бойынша жаңа рекордты жағдай тіркелді. Жалпы коронавирустан сауығып шыққан жандар қатары 25 659 кісіге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің 12 тамыз күнгі кешкі қорытынды хабарына сай республикада 671 кісінің індет жұқтырғаны тіркелген. Олардың барлығы дене қызуы бар екендігіне байланысты профилактикалық мақсатта және коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғандығы себеп сынама алынған азаматтар арасында анықталған. Бұдан бөлек 5 науқас қайтыс болғаны айтылған.

Қазіргі кезде елдегі жалпы індет расталғандар саны 32 654-ке жетіп, өлім көрсеткішінде 211 жағдай орын алғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, бүгін Президент төрағылығында өткен жиында 15 тамыздан бастап карантиндік талаптар кезеңімен жұмсартылатыны айтылды және 17 тамыздан бастап сауда орталықтары, базарлар, шаштараз, сұлулық салондар қоғамдық сыртқы тамақтанатын орындар өз жұмысын қайта жалғастыратын болды.