Бүгін - Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Бүгін жылдың 245 күні. Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігіне 29 жыл толды
Бүгін - Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Айтулы күн тарихта, 1991 жыл 31 тамыз күні Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік негіздері туралы Заңы қабылданып, оған сәйкес Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде ССР Өзбекстанды, бұдан әрі Өзбекстан Республикасы деп атап, 1 қыркүйекті Тәуелсіздік күні деп жариялаған.
Бүгін жылдың 245 күні. Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігіне 29 жыл толды. Биылғы мерекенің әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Республикалық арнайы комиссияның шешімімен үлкен жиындар мен көпшілік топталар фестивальдар, сондай-ақ саябақтар мен ойын-сауық орындарында концерттер, Ташкент қаласы мен облыс орталықтарында отшашулар өткізуге шектеу қойылды. Сондықтан, биыл елдің басты мерекесін отбасылық ортада атап өту мақсатты деп мақұлданды.