Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін - Түркі ынтымақтастығы күні
11:11 / 2020-10-03

Нахчыван декларациясы бекітілген 3 қазан күні – түркі әлемінде жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып келеді


Бүгін - Түркі ынтымақтастығы күні. Атаулы күн 2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады. Бұл келісімнің қабылдануы түркі халықтарының бірлігін нығайтуды көздеген аймақтық һәм еларалық бірлестікті құруға негіз қалады және онда Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан президенттері тарихи Нахчыван декларациясына қол қойды.

2019 жылы 14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі Кеңесі) құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялап, Түркі Кеңесінің толыққанды мүшесі атанды. Осылайша ұйымға кіретін мемлекеттердің саны беске жетті: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Нахчыван декларациясы бекітілген 3 қазан күні – түркі әлемінде жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып келеді.