Бүгін – Халықаралық туризм күні
Бүгін 27-ші қыркүйек Халықаралық туризм күні
Бүгін 27-ші қыркүйек Халықаралық туризм күні. Атаулы күнді өзін саяхатшыдай сезінер, жер жаханды кезіп шықпасада, тым болмағанда өзен жағасына немесе тау бөктеріне әлде орман алқаптарына барып аралауды қош көретін жандар мереке ретінде тойлайды.
Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы испан қаласы Торремолинода Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас Ассамблеясында негіз салынып, ол жайында Манилада 1980 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйымының Жарғысы қабылданып , содан беріге дейін осы күн дүниежүзілік туризм күні ретінде жер бетінде мерекеленіп келеді.
Бұл мейрамды атап өтудегі негізгі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу.
Биылғы әлемдік пандемия салдарынан туризм индустриясы күрт төмендеп, нәтижеде 460 миллиард доллар жоғалтты. БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметінше, салаға жеткен залал 2009 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде болғаннан бес есе көп болған.