Бүгін – Халықаралық тропика күні
Бұл күннің даталы мерекелер қатарына енуі 2014 жылдың маусымында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Нобель сыйлығының лауреаты манямалық саясаткер Аунг Сан Су Чжидің тропика туралы баяндамасы негіз болған
Бүгін – Халықаралық тропикалық күн. Бұл күннің даталы мерекелер қатарына енуі 2014 жылдың маусымында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Нобель сыйлығының лауреаты манямалық саясаткер Аунг Сан Су Чжидің тропика туралы баяндамасы негіз болған. Ол осы баяндамасында тропикалық табиғи аумақта өмір сүретін халықтың күнделікті проблемалары мен дамуы жолында тұрған көптеген мәселелерге әлемнің назарын аударған. Осы жағдайдан кейін 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 маусымды Халықаралық Тропиктердің күні ретінде белгілеп, жыл сайын сол күнді атап өту туралы шешім қабылдады.
Жаңа естелік күнін белгілей отырып БҰҰ Бас ассамблеясы халықаралық қауымдастықтың тропикалық табиғи аймаққа жататын аумақтарды дамыту жолында тұрған проблемаларды бірлесіп шешу қажеттілігінің маңыздылығын атап өтеді. Осы есте қаларлық датаға арналған іс-шараларды ұйымдастырудың маңызды міндеттерінің бірі - тропиктердің ғаламшар өміріндегі маңызды рөлі, осы аумақтардың таяу уақытта атқара алатын маңызы туралы және мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш-жігерін қажет ететін проблемалар туралы азаматтық қоғам құрылымдарын ақпараттандыру болып табылады.