Бүгін халықаралық аудармашылар күні
Атаулы күн Иероним Стридонский есімді аудармашының құрметіне негізделген
Бүгін халықаралық аудармашылар күні. Атаулы күн 1991 жылы Халықаралық аудармашылар федерациясында (FIT) қабылданып, жыл сайын осы күннің мерейі бүкіл әлемде артып келеді.
Аудармашылардың Халықаралық Федерациясы 1991 жылы 30 қыркүйекті Халықаралық аудармашылар күні деп жарияланғаннан соң, әр жылы осы мейрам ерекше ұранмен қарсы алынады. 2018 жылы Аудармашылар күнінің ұраны: «Аударма: өзгерістер дәуіріндегі мәдени мұраны насихаттау» -деп аталған.
Бұл күннің мереке ретінде тойлануы 420 жылдың 30 қыркүйегінде Иероним Стридонский есімді шіркеу жазушы өмірден қайтқан(суреттегі). Ол өмірі барысында аудармашы, тарихшы болған. Сол кісінің еткен еңбектерінің жемісі ретінде есімі мәнгі жасасын деген негізде осы күн «Аудармашылар күні» деп жариялаған.

Барлық аудармашыларды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!