Бүгін халықаралық аудармашылар күні
Бұл күн 1991 жылы Халықаралық аудармашылар федерациясында(FIT) қабылданып, жыл сайын атаулы күннің беделі бүкіл әлемде арттырып келеді.
Аудармашылардың Халықаралық Федерациясы сол жылы 30 қыркүйекті Халықаралық аудармашылар күні деп жарияланғаннан соң, әр жылы осы мейрам ерекше ұранмен қарсы алынады. 2018 жылы Аудармашылар күнінің ұраны: «Аударма: өзгерістер дәуіріндегі мәдени мұраны насихаттау» -деп аталған.
Бұл күннің мереке ретінде тойлануы 420 жылдың 30 қыркүйегінде Иероним Стридонский есімді шіркеу жазушы өмірден қайтқан(суреттегі). Ол өмірі барысында аудармашы, тарихшы болған. Сол кісінің еткен еңбектерінің жемісі ретінде есімі мәнгі жасасын деген негізде осы күнді «Аудармашылар күні» деп жариялаған.
Барлық аудармашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!