Бүгін – Халықаралық қарттар күні
Атаулы күн 1990 жылы желтоқсан айының 14 жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеяның 45-ші сессиясында қабылданды
Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл күнді атап өту жайлы 1990 жылы желтоқсан айының 14 жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеяның 45-ші сессиясында қабылданып, «Халықаралық қарттар күні» алғаш рет 1991 жылдың 1 қазанынан бастап атап өтіледі.
Атаулы мереке ХХ ғасырда пайда болды. Алғашында «Қарттар күні» Еуропада, кейін Америкада мерекеленіп, ал 80 жылдардың аяғынан бері әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
Жыл сайын 1 қазан күні дүниежүзінің әр бұрышында Қарттар құқығын қорғау қауымдастықтары түрлі фестивальдер, олардың құқықтары мен қоғамдағы рөлі туралы конференциялар мен жиналыстар ұйымдастырады.