Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін - халықаралық солақайлар күні
13:27 / 2020-08-13

Бұл күн тарихта алғаш рет 1976 жылы 13 тамызда "Lefthanders International" ұйымының бастамасымен аталып өтті


Бұл күн жыл сайын 13 тамызда бейресми түрде аталып өтеді. Тарихта алғаш рет 1976 жылы 13 тамызда "Lefthanders International" ұйымының бастамасымен мерекеленген. 

Сосын 1984 жылы ЮНЕСКО тамыздың 13-ші жұлдызын солақайлар күнін атап өту туралы шешім шығарды. Мұндай шешім шығарудан көзделген мақсат оң қолына қарағанда сол қолын көбірек пайдаланатын адамдарға әлем назарын аудару және олар үшін арнайы өнімдерді жасап шығаруды қолға алу еді. Өйткені оң қолға ыңғайлы заттар сол қолға өте қолайсыз болғандықтан, солақай адамдардың жүйесі сыр беретін. Ал осындай ынғайсыздықтардан жыл сайын 2500-дей жан оң қолға арналған заттар мен бұйымдарды және құрылғыларды пайдаланудағы қолайсыздықтан көз жұмады екен.

Тарихтан белгілі бұрынғы кезде солақайларға кәдуілгі адамдардың көзқарасы дұрыс болмай оларды қоғамнан аластатуға тырысқан. Әлемдік статистикаға сай жер бетіндегі солақайлар адамзат баласының 10 пайызын құрап, бұл құбылыс әйелдерге қарағанда ерлер арасында көптеп кездеседі екен. Зеттеушілердің айтуына қарағанда жер шарының оңтүстік бөлігінде солақайлар көптеп кездеседі.  

Жаңа заман ойшылдары мен психологтарының пікірінше тума солақайлар өте қабілетті және талантына жараса өр мінезді келеді деп бағалаған. Көптеген тарихта есімі атақты жандар солақай екені белгілі. олар қатарында Наполеон Бонапарт, Юлий Цезарь, Александр Македонский, Аристотель, Альберт Эйнштейн, Чарли Чаплин, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Бетховен, Моцарт, Мэрилин Монро, Франц Кафка, Билл Гейтс, Джеймс Кэмерон, АҚШ президенттері – Джеральд Форд, Рональд Рейган, Үлкен Джорш Буш, Билл Клинтон, Барак Обамалар да "солшылдар" қатарында екен.