Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін - Дүниежүзілік босқындар күні
13:23 / 2020-06-20

БҰҰ-ның дерегінше қазір әлемде босқындар саны рекордты деңгейге жетіп 79,5 миллионды құрайды екен. Ал олардың көбі әйелдер мен балалар


Бүгін - Дүниежүзілік босқындар күні. Бұл күні ең алашында 1969 жылдан Африка босқындарының халықаралық күні ретінде аталып келіп, 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ-ның шешімі бойынша 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік босқындар күні бірге өткізіліп келеді.

Босқындар дегеніміз - өз елінен кетуге мәжбүр болған және қуғын-сүргін құрбандығынан қорқып сол елге орала алмайтын адамдар. БҰҰ-ның дерегінше қазір әлемде босқындар саны рекордты деңгейге жетіп 79,5 миллионды құрайды екен. Ал олардың көбі әйелдер мен балалар.

Босқындар құқығы 1951 жылы қабылданған және жыл сайын БҰҰ босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы Нансен Сыйлығының лауреатын анықтап, ол дәл осы датада Дүниежүзілік босқындар күні табыс етіледі.

БҰҰ мәліметтері бойынша босқындардың көпшілігі Сирия, Венесуэла, Ауғанстан, Оңтүстік Судан және Мьянмадан елдернен келеді және олар көбінесе Түркия, Колумбия, Пәкістан, Уганда және Германиядан елдерінен пана іздейді екен.