Бүгін – Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні
22 қыркүйек Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні
22 қыркүйек Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні. Атаулы күн алғаш рет тарихта 1997 жылы Англияда басталып, бір жылдан кейін 1998 жылда Францияның 20 шақты қаласында аталып өткен. 2001 жылға келіп бұл күнді қолдаушылар қатары 35 елге көбейіп, мыңнан астам қала бұл қозғалысқа ресми түрде қосылды.
Заманауи өмір салтында автомобильдерден толығымен бас тарту мүмкін емес әрине, бірақ жылына кемінде бір рет осы дәстүрді жалғастыруға болады деген мазмұнда жаяу немесе велосипедте жұмысқа бару бүгінгі таңда жаһанда кең түрде аталып өтетін болды. Қазір, шамамен есеп бойынша, акцияға жыл сайын әлемнің 1,5 мың қаласында 100 миллионнан астам адам қатысады.