Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі
15:04 / 2019-12-01


Айтулы күн 1991 жыл 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті сайланды және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

1 желтоқсан күні – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауға 8 788 726 азамат қатысқан және олардың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Тұңғыш Президент ретінде таңдады.

Ал, 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақ елінің басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін" белгілеу көзделген. Бүгінгі мейрам сол күннен бастап мерекелік күн ретінде тойланып келеді.