Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Қазақстанда Конституция күні
15:49 / 2020-08-30

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Биыл оның қабылданғанына 25 жыл толды


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Биыл оның қабылданғанына 25 жыл толды.

Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған. Жаңа Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет екені айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрады.

Қазақ елінің Ата Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.