Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні
11:44 / 2020-08-10

Биыл тұғыш рет Қазақстанда «Абай күні» аталып өтеді


Бүгін ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы дүниеге келген күн. Ол 1845 (1904) жыл 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.

Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған. Жуырда ғана ақынның 175 жылдық мерей тойына орай көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең тәпсірленген еңбегі «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылып баспадан шықты. Ұлы ойшылдың шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы кеңінен өрбіп, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді.

Биыл тұғыш рет Қазақстанда «Абай күні» аталып өтеді. Бүгінгі таңда Қазақ елінің оңтүстік астанасы Алматыда ақынның атымен жоғары оқу орны, опера және балет театры, үлкен даңғыл аталса, көркем әдебиет саласы бойынша мемлекеттік сыйлық тағайындалған. Шығыс Қазақстан облысындағы бір ауданға, Қарағанды облысындағы бір қалаға аты берілген. Сондай-ақ Іле Алатауының теңіз деңгейінен 4010 метр биіктіктегі шыңы да ақын есімімен аталады.