Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Халқаралық балаларды қорғау күні
13:18 / 2019-06-01

Тарихы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталар бұл атаулы дата біздердің болашағымыз, ұрпағымыздың жалғасы, сан ғасырлық саналмыш салт-дәстүрімізді жалғастырушы ізбасарлары болып табылатын балалар күні елімізде жыл сайын көтеріңкі рұхта өткізіліп келеді.


Алғаш бұл күнді атап өту жайлы Парижде 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Араға бір жыл салып 1950 жыл тарихта алғаш рет халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің көптеген елінде атап өтілді.

Тарихы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталар бұл атаулы дата біздердің болашағымыз, ұрпағымыздың жалғасы, сан ғасырлық саналмыш салт-дәстүрімізді жалғастырушы ізбасарлары болып табылатын балалар күні елімізде жыл сайын көтеріңкі рұхта өткізіліп келеді.

Міне бүгінгі кезге дейін әлемде 69-шы мәрте мерекеленіп келе жатқан жаздың алғашқы жайма шуақ жылы күнін БҰҰ дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, олардың құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде қоғамға енгізе алды.

Сондықтан балаларды бағалайық, олардың қайтып келмес балалық шағында, бақытты өмір кешуіне әрбіріміз атсалысайық.