Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін Азия құрлығы үшін Қатарда өтетін ӘЧ-2022ге жеребе тартылады
10:45 / 2019-07-17

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда орналасқан АФК-ның штаб-пәтерінде Азия континенті үшін 2022 жыл Қатарда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойындары үшін жеребе тарту рәсімі өтеді.


Малайзия астанасы Куала-Лумпурда орналасқан АФК-ның штаб-пәтерінде Азия континенті үшін 2022 жыл Қатарда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойындары үшін жеребе тарту рәсімі өтеді.

Онда, Өзбекстан УФА-ның бірінші вице-президенті Равшан Ерматов басшылығындағы делегаттар да қатысады. Өзбекстандық делегаттардың жеребе тарту салтанатынан басқада, АФК-нің басшыларымен кездесу өткізіп, бірнеше мәселелер бойынша келіссөздер өткізу жоспарланған.

ӘЧ-на Азия аймағынан 40 құрама команда 8 топқа бөлінген түрде қатысады. Өткен ай ФИФА рейтингіне байланысты құрама командалар бес себетке бөлінге.

1-себетте: Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Қатар, БАӘ, Саудия Арабстаны, Қытай.

2-себетте: Ирак, Өзбекстан, Сирия, Ливан, Оман, Қырғыстан, Вьетнам, Иордания.

3-себетте: Палестина, Үндістан, Бахрайн, Таиланд, Тәжікстан, КХДР, Қытай Тайпей, Филиппин.

4-себетте: Түркіменстан, Мьянма, Гонконг, Йемен, Ауғанстан, Мальдив аралдары, Кувейт, Малайзия.

5-себетте: Индонезия, Сингапур, Непал, Бангладеш, Моңғолия, Гуам, Камбожа, Шри-Ланка.

Қатарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойындары 5-ші қыркүйектен басталып, келесі жылдың 9-шы маусымына дейін жалғасады.