Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Бас хатшысының Өзбекстанға ресми сапары аяқталды
20:41 / 2024-07-01

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Өзбекстанға ресми сапары аяқталды.

Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Айта кетейік, ресми сапар аясында Ташкентте жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті.

Атап айтқанда, Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері, сондай-ақ жаһандық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды. Өзбекстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шараларын қолдауға ерекше көңіл бөлінді.

Сапар барысында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізді.

И.АВВАЛБАЕВ,

Р.НАЗАРМАТОВ (сурет),

ӨзА