БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Өзбекстанға келеді
8 маусым күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммад Өзбекстан Республикасына сапармен келеді.
Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8-9 маусым күндері бірнеше шаралардың өтуі жоспарланған.
Онда, «Олий Мажлис» Сенаты мен Жастар ісі жөніндегі агенттігінде келіссөздер, Өзбекстанның жетекші әйелдерімен кездесу өтеді. Келіссөздерде Өзбекстан-БҰҰ ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланады.