БҰҰ Бас хатшысы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ташкент қаласына келгеннен кейін Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен бірге «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды.
БҰҰ Бас хатшысы «Жаңа Өзбекстан» саябағындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Кешенмен қысқаша таныстыру барысында БҰҰ делегациясының өкілдеріне аталған кешеннің архитектуралық өрнегі туралы ақпарат берілді.


Атаулы кешен 2021 жылы Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арнап салынған. Онда еліміздің көне тарихынан бүгінгі күнге дейінгі аса маңызды оқиғалар, ұлы ғұламаларымыз бен жаужүрек аталарымыздың қайраткерлігі кескінделген. Ескерткіштің ең жоғарғы бөлігінде Хумо құсы бейнеленген.

Делегация мүшелері кешенде бейнеленген ғұлама қайраткерлер, ұлы қолбасшы мен жауынгерлер, жәдид ата-бабаларымыз бейнесіне ерекше назар аударды.
[gallery-18074]
З.ЖОНИБЕКОВ,
Н.ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА