Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен елімізге ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш 1 шілдеде Жоғарғы Шыршық ауданындағы қуаттылығы 200 мегаватт болатын “ACWA POWER RIVERSIDE SOLAR” күн фотоэлектр станциясының жұмысымен танысты.
Алдымен жоғары мәртебелі мейманға 2030 жылға дейін Өзбекстанда жасыл энергетиканы дамыту стратегиясы мен баламалы энергия өндіру саласында қуаттарды құру бағдарламасы таныстырылды.

Атап айтқанда, Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы Ташкент облысында қуаттылығы 200 мегаватт болатын 400 миллион долларлық жобаны жүзеге асырды. Ол үшін 460 гектар жер бөлінген. Қазіргі уақытта 150 мегаватт электр энергиясы өндірілуде. Сонымен қатар, кейінірек Паркент ауданында 500 мегаватт электр қуатын сақтау жүйесі іске қосылады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 130 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, 180 мың тонна зиянды газдың атмосфераға таралуына тосқауыл қойылады.

Негізгі мақсат – халықты және экономика салаларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіруде табиғи газды пайдалануды азайту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы елімізде күн және жел энергетикасын дамытудың әлеуеті зор екенін айтты. Осы орайда жүзеге асырылып жатқан әрекеттер климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы мақсат-міндеттерге қол жеткізуге қызмет ететіні айтылды.
А.МУСАЕВ,
Н.ХАЙДАРОВ(сурет),
ӨзА