Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Бас хатшысы ресми сапармен Өзбекстанға келді
14:01 / 2024-06-30

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш 30 маусымда ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Ташкент халықаралық әуежайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришті Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

1 шілде күні Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді деп жоспарланған.

Күн тәртібінен Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері, сондай-ақ жаһандық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері орын алған.

Өзбекстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шараларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ сапар барысында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар өткізеді. 

И.АВВАЛБОЕВ,

Р.НАЗАРМАТОВ (сурет), ӨзА