БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қарсы вакцина алды
БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина қабылдағанын мәлімдеді.
Ол бұл туралы Twitter парақшасында, «Бүгін мен COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алғаныма қуаныштымын. Біз вакцинаның барлық адамдар үшін қол жетімді болуы үшін жұмыс істеуіміз керек», - деп жазба қалдырған.
Алайда ол қай компанияның коронавирусқа қарсы жасалған вакцинасын қабылдағанын айтпаған.
Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде 101,4 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырып, 2,1 миллионнан астамы қайтыс болды.