БҰҰ Бас хатшысы COVID вакцинациясын «моральдық қателік» деп атады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде коронавирусқа қарсы екпелердің қарқынын сынға алып, өйткені миллиардтаған адамдар әлі де алғашқы екпені күтіп отыр.
Гутерриш бұл туралы бейсенбі, 11 қараша күні Париж бейбітшілік форумына қатысушыларға арнаған бейнеүндеуінде айтып, COVID-19 иммундау процесіндегі бұл теңсіздікті «моральдық қателік» деп атады және әлем қауымдастығын коронавирусқа қарсы вакцинацияның халықаралық жоспарын әзірлеуге шақырды.
«Бізге 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинация деңгейін 70%-ға жеткізу үшін вакцинаны өндіру мен тарату қарқынын кем дегенде екі есеге арттыратын халықаралық вакцинация жоспары қажет», - деген ол.