Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен елімізге ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін Олий Мажлис Сенатында болды.
Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту, жаһандық саясат пен аймақтық мәселелер бүгінгі күннің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады.

Кездесу барысында Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, оның ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кейінгі жылдары Өзбекстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, оларға тең мүмкіндіктер жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны, БҰҰ ұсынымдарының маңызды рөл атқаратыны баса айтылды.

Атап айтқанда, парламентаралық байланыстардың ауқымы, гендерлік теңдік, әйелдердің білім алу құқығы, жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында жүзеге асырылуы тиіс міндеттер айтылды.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Өзбекстанның халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету, Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту бойынша нақты ұсыныстарды қолдау мақсатында БҰҰ-мен сындарлы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасылды. 2017 жылдан бастап Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ-ның 10 қарары қабылданып, Өзбекстан БҰҰ комитеттері мен басқару органдарына (Адам құқықтары жөніндегі кеңес, ЭКОСОС, Халықаралық еңбек ұйымы және т.б.) мүше болғанына назар аударылды.

Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуда бұл тарихи сапардың маңызы зор екені атап өтілді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Олий Мажлис Сенатының құрметті қонақтары кітабына қолжазба қалдырды.

А.РУСТАМОВ,
Р.НАЗАРМАТОВ (сурет)
ӨзА