БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестина атынан Түркия сөз сөйлейді
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббаспен кездесу барысында 23 қыркүйекте ашылатын БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестина атынан Түркия сөз сөйлейтінін мәлімдеді.
Ердоғанның айтуынша, Түркия бұдан былай да барлық халықаралық алаңдарда Палестина мәселесін көтеруді жалғастырады.
Сондай-ақ ол Газада жедел түрде келісім орнату және өңірдегі гуманитарлық дағдарысты тоқтату Түркияның басты міндеті екенін атап өтті.