French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Бас ассамблеясы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кезекті маңызды бастамасын қолдады
12:25 / 2022-07-12

Ұйымның барлық мүше-мемлекеттері Өзбекстан тарапынан 40 елдің бірлескен авторлығымен әзірленген Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара тәуелділікті нығайту туралы арнайы резолюцияны бірауыздан мақұлдады.

Осынау резолюцияны әзірлеу және ондағы екі өңір арасындағы диалогтың ортақ тәсілдерін, негізгі қағидаттары мен бағыттарын нығайту туралы бастаманы Мемлекет басшысы тарапынан 2021 жылғы шілдеде «Орталық және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара тәуелділік. Қауіптер мен мүмкіндіктер» тақырыбында өткен Ташкент конференциясында айтылған еді.

Сондай-ақ құжатта Мемлекет басшысының 2022 жылды Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясында «Өзара тәуелділікті нығайту жылы» деп жариялау туралы ұсынысына жоғары баға берілді.