БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысуын тоқтатты
БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысуын тоқтататын қарар қабылдады.
Резолюцияға 93 мемлекет қолдап дауыс берді, 24 мемлекет қарардың қабылдануына қарсы болып, 58 мемлекет қалыс қалды.
Құжат жобасын Батыс елдері дайындаған болып, Ресей Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі орнын сақтап қалды, бірақ дауыс беру құқығы мен сөйлеу мүмкіндігінен айырылады.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің миссиясы – адам құқықтарын қорғау. Кеңес 2006 жылы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның орнына құрылды.