Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Ауғанстанға көмектесу үшін 4,4 миллиард доллар қажет екенін айтты
09:35 / 2022-01-12

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға көмектесу үшін 4,4 миллиард доллар қажет деп мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның серіктестері 28 миллион адамға – Ауғанстандағы 22 миллион және бес елдегі тағы 5,7 миллион адамға көмек көрсету жоспарын жариялады. Жоспар бойынша, 2022 жылы осы мақсат жолында 4,44 миллиард доллар қажет.

Хабарда, Ауғанстан экономикасының «еркін құлдырау» жағдайында екені айтылған. Елде 23 миллион адам ашаршылық алдында тұр, ауруханалар азып-тозған балалармен толып жатыр, мұғалімдерге жалақы берілмей жатыр, миллиондаған балалар мектепке бару мүмкіндігінен айырылған.

Бидай мен жанармай бағасы 40 пайызға қымбаттап, әлеуметтік қызметтер жүйесі дағдарысқа ұшырады, өйткені халықаралық көмек тоқтап тұр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жылдың ортасына қарай Ауғанстан жалпы кедейшілік еліне айналуы мүмкін екенін ескертті - халықтың 97 пайызы кедейшіліке тап болады. Ауғанстан бір жылда ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын жоғалтуы мүмкін, ал ерлер арасындағы жұмыссыздық екі есе артып, 29 пайызға жетеді.

«Мен сізден өтінемін: Ауған халқының алдында қіру қақпасын жаппаңыз. Гуманитарлық серіктестер барлық қиындықтарға қарамастан көмекті жеткізуде. Бізге қолдау көрсетіңіз, көмекті көбейтіңіз және кең таралған ашаршылықтың, ауру мен өлімнің алдын алуға көмектесіңіз», - деді Мартин Гриффитс, БҰҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі.

Жоғарыда сұралған қаражат азық-түлік пен бірінші кезектегі қажеттіліктерді жеткізуге, ауыл шаруашылығын, денсаулық сақтау мен білім беруді қолдауға, үйсіздерге баспана салуға, су мен канализациямен қамтамасыз етуге жұмсалады.