БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 млрд доллар бөледі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 1 млрд доллар бөледі.
The Rambler басылымының хабарлауынша, БҰҰ Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) қаражаты ел үкіметіне де, елдің орталық банкіне де аударылмайды.
«Соңғы жылы БҰҰ мұқтаж миллиондаған ауғандықтардың өмірін сақтап қалу үшін Ауғанстанға миллиардтан астам доллар жіберді. Ақша коммерциялық банкке орналастырылған. Бұл қаражат қазіргі билікке де, Ауғанстанның Орталық банкіне де ұсынылмаған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Ауғаныстан үкіметінің қабылдап жатқан шараларына қарамастан, елдегі экономикалық жағдай өте күрделі болып қалуда. БҰҰ мәліметі бойынша, 22,8 миллион ауғандық үнемі тамақтанбайды, ал 8,7 миллион адам аштыққа тап болады.