БҰҰ Ауғанстандағы миссиясын алты айға ұзартты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстандағы миссиясын тағы алты айға ұзарту туралы шешім қабылдады.
Ұйымның саяси және бейбітшілік істері жөніндегі департаментінің хабарлауынша, Қауіпсіздік Кеңесінің барлық 15 мүшесі миссияның мерзімін ұзартуға дауыс берді.
БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек беру бойынша миссиясы 2002 жылдың 28 наурызында Ауғанстан басшылығының өтініші бойынша құрылған болып, ол жыл сайын бір жылға ұзартып келінген.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек миссиясы 2022 жылдың 17 наурызына дейін ұзартылды.
Миссия міндеттері қазірще өзгеріссіз қалады, бірақ оларға алдағы алты айда түзетулер енгізілуі мүмкін.