БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентив дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе Олий Мажлис Сенатында болды.
Сенат Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесу барысында Өзбекстанның БҰҰ және оның мамандандырылған құрылымдарымен, соның ішінде Орталық Азиядағы превентив дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталықпен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашақ жоспарлары талқыланды.

Аймақ мемлекеттері арасындағы көршілестік қатынастарды нығайту, экономикалық өсуді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және жастардың әлеуетін дамыту, оның ішінде білім беру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Осы бағытта тиімді парламенттік бақылау арқылы бірлесіп нақты бағдарлама жасау және жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.