Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұқарада қатты соққан желдің салдарынан бір кісі қаза тапты
13:44 / 2020-04-28

Табиғи апат 27 сәуір күні кешкі сағат 20:00ден 28 сәуір 00:30ға дейінгі аралықта орын алған


2020 жылдың 27 сәуір күні кешкі сағат 20:00ден 28 сәуір 00:30ға дейінгі аралықта Бұқара, Науаиы, Самарқанд және Қашқадария облыстаныда секундына 9-40 метрге дейін желдің соғуы салдарынан көптеген көңілсіз жағдайлар орын алған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша табиғи апат салдарынан көп жапа шеккен жағдайлар Бұқара облысында орын алып, онда жалпы 42 азамат жарақат алған және бір кісінің жағдайы ауыр халде қалған болса, бір тұрғынның өлімі тіркелген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, желдің салдарынан облыстағы 5293 ғимарат, 415 автокөлік, 42 400 ағаш зақымданып, 202 табиғи газ және электр жүйелерінде үзілістер орын алған. Қазірде оқиға орнында апат салдарын жоюға аймақтық төтенше жағдайлар ішкі жүйесіның 635 қызметкері және 114 арнайы техника жұмылдырылған.