Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Ташкентке келді
18:59 / 2023-03-13

13 наурыз күні таңертең Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк бастаған делегация Өзбекстанға келді.

Адам құқықтары жөніндегі Өзбекстан Республикасының ұлттық орталығы таратқан ақпаратқа сай, жоғары мәртебелі мейманды И.Каримов атындағы «Ташкент» халықаралық әуежайында ӨР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы мен Сыртқы істер министрлігі басшылығы қарсы алды.

Сапар аясында Фолкер Өзбекстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің басшылығы, Олий Мажлистің Адам құқықтары жөніндегі өкілімен (Омбудсмен) кездесу өткізуді жоспарлаған.

Сонымен қатар, БҰҰ өкілі Қарақалпақстан Республикасына да барады.