Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасында (БҰҰДБ) 85 пайыз ауғанстандық кедейлік шегінде өмір сүріп отырғаны жариялаған.
«Олар билікке келгеннен кейін (Талибан қозғалысы) соңғы онжылдықта кедейшілікке ұшыраған Ауғанстан экономикасы құлдырады. Шамамен 40 миллион халқы бар және 2021 жылы ЖІӨ 14,3 миллиард долларды құрайтын Ауғанстан әлемдегі жан басына шаққандағы табысы ең төмен елдердің қатарында, халқының шамамен 85 пайызы кедейлік шегінде өмір сүреді», - делінген БҰҰ баяндамасында.
Баяндама авторларының мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айынан бастап Ауғанстанның ішкі жалпы өнімі төмендеп, елге тек басқа елдерден келетін гуманитарлық көмек қолдау көрсетіп отыр. Авторлар көмектің 30%-ға қысқаруы Ауғанстанның Сирия, Судан және басқа елдерден де жағдайы нашар ең кедей елге айналуына алып келеді және оның ЖІӨ теріс өсімге қайта оралады деп есептейді.
«Халықаралық көмектің кез келгенінің қысқаруы Ауғанстанның экономикалық болашағын нашарлатады және төтенше кедейлік ондаған жылдар бойы жалғасады: БҰҰ-ның 2023 жылы халықаралық көмек үшін 4,6 миллиард доллар көмекке сұрауы, мұқтаж ауғандықтарға көмектесу үшін талап етілетін ең аз мөлшер», екені айтылған хабарда.