Азиз Абдухакимов Брюссельде Еуропа комиссиясының вице-президентімен кездесті
Бельгия астанасы Брюссель қаласында Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов Еуропа комиссиясының вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесті.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кездесуде Өзбекстан мен ЕО арасындағы әртүрлі салалар мен форматтардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
ЕО вице-президенті соңғы жылдары Өзбекстанда болып жатқан оң өзгерістерді жоғары бағалап, қоғам өмірінің барлық дерлік саласын қамтитын ауқымды реформаларды қолдайтынын білдірген.
Кездесуде тараптар алдағы іс-шаралар, соның ішінде Самарқандта өтетін өзара тәуелділік және тұрақты даму жөніндегі «ЕО-Орталық Азия» министрлер конференциясы туралы пікір алмасты. Еурокомиссияның вице-президенті атаулы шараға қатысуға қызығушылық танытқан.