Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азияның екі дүркін үздік футболшысы Сервер Джепаров карантиннен шықты
16:29 / 2020-04-13

Футболшы Ташкент облысында «COVID-19» індетіне арнайы контейнерлерден салынған карантиндік аймақта болған


Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы және Азияның екі дүркін үздік футболшысы Сервер Джепаров Ташкент облысында «COVID-19» індетіне арнайы контейнерлерден салынған карантиндік бақылау аймағынан 14 күндік тексерісті аяқтағанын мәлімдеді.

Футболшы өз «инстаграм» парақшасында бөліскен жазбасына сай, ұлы Рауф Джепаров пен Ресейдің Қазан қаласынан оралғаннан кейін Ташкент облысы Ортасарай ауранында «COVID-19» індетіне санылған арнайы карантиндік тексеріс аймағында 14 күн бақылауда болған.

Оның айтуынша «COVID-19» індетіне санылған арнайы контейнерлі бөлмеде төрт кісіге лайықты барлық жағдай жасалып, күніне үш мезгіл жоғары сападағы тамақпен қамтылған. Бір реттік пайдалануға жарамды ыдысаяқтар әр ас уақыты сайын жаңартылуы мен, телевизор, кондиционер, ыстық және суық су, телефон, душ, жеке гигиеналық заттар мен адамға қажетті барлық қолайлықтар бар, дейді.

Сервер ұлы мен бірге 14 күндік бақылау аймағында болған кезде қызмет көрсеткен барлық медицина және басқада қызметкерлерге алғысын өз парақшасы арқылы жеткізген.

Футболшылық мансабын аяқтаған Сервер Джепаров қазіргі уақытта Өзбекстан U-14 жастар құрамасының бас жаттықтырушысы боп спорттағы жұмысын жалғастыруда.