Индонезия, Сингапур және АҚШ компаниялары Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен АҚШ-ты байланыстыратын Тынық мұхит түбі арқылы телекоммуникация кабелін тартуда. Кабельдің жалпы ұзындығы – 15 мың шақырымды құрайды.
Жоба қатысушылары - Keppel Telecommunications, Telekomunikasi Indonesia және Facebook бірлескен мәлімдемесінде «Bifrost » деп аталатын кабельді тарту жұмыстары 2024 жылы аяқталады.
«Ғаламдық байланысты қамтуда суасты кабельдерінің маңыздылығы деректерді тарату мүмкіндіктеріне талаптың асуы, бұлтты технологиялар, мобильді құрылғыларды пайдалану және 5-ші буын байланыс жүйелерін орналастыру қарқынды дамып жатқан әлемдегі маңызды кезең болып табылады», - делінген компаниялардың хабарламасында.
15 мың шақырымдық суасты кабелі Солтүстік Американың батыс жағалауын Индонезия, Сингапур және Филиппин елдерімен байланыстырады. Жаңа кабельдер екі аймақ арасындағы интернет байланысының мүмкіндіктерін арттыруға арналған.
Сондай-ақ осындай кабельді «Google» Тынық мұхиты арқылы өткізуді жоспарлауда. Бұл Echo жоба деп аталып, ол 2023 жылға дейін аяқталуы көзделген.