Оңтүстік Корея құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті
Австралия, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Корея құрамалары Токио-2020 олимпиадасына қатысады
Тайландтағы өткен футболдан 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Оңтүстік Корея жастар құрамасы жеңімпаз атанды.
Тарихта төртінші реткі ұйымдастырылған атаулы жарыстың ақтық кездесуінде Оңтүстік Корея құрамасы Сауд Арабия жастарын 1:0 есебінде жеңіп, олимпиада жолдамасына ие болды. Кореяға жеңіс әкелген жалғыз голды 114 минутта қорғаушы Чон Таэ-Ук стандартты жағдайдан ұзатылған допты баспен соғып, арабтардың пеналтилер сериясына дейін барар деген үмітін пұшқа шығарды.
АФФ-ның соңғы шешімі бойынша әр екі жылда ұйымдастырылатын атаулы құрлықтық футбол жарысының кезекті түрнирінің тағы бір ерекшелігі жеңімпаз құрама мен бірге екінші және үшінші орынды иеленген командаларда Токио-2020 олимпиадасына жолдамаға ие болды. Олар Австралия, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Корея. Өкінішке орай өткен 2018 жылғы жеңімпаз Өзбекстан жастар құрамасы төртінші орынға жайғасты.