Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия ойындары: Өзбекстан құрамасының алтын медалдар саны 13-ке жетті
12:30 / 2023-10-03

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Өзбекстан құрамасының алтын медалдар саны 13-ке жетті.

Каноэде есуден 1000 метрге финалдық жарыста Шахмурад Холмуродов және Нурислам Тухтасин жұбы кезекті алтын жүлдені қоржынға салды. Спортшылар осынау қашықтықты 3 минут 43,796 секундта бағындырған.  

Осылайша Өзбекстан құрамасы қоржынындағы медальдары саны 47-ге жетіп, жалпы командалық есепте (13 алтын, 14 күміс және 20 қола) 5-ші орында келеді.