Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия Олимпиада кеңесінің өкілдері Ташкентке келді
12:31 / 2024-02-28

Өзбекстан Республикасы Спорт министрлігінде Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры, Дүниежүзілік су спорты түрлері федерациясының президенті Хусейн Әл Мусаллам және Азия велоспорт конфедерациясының президенті Осама Әл Шафармен кездесу өтті.

Мәртебелі меймандармен болған сұхбатта Спорт министрі Адхам Икрамов Өзбекстанда «Ташкент-2025» жасөспірімдер Азия ойындарына қызу дайындық жүріп жатқанын, салынып жатқан спорт кешендерінің мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Олимпиада қалашығында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, жарыстарды өткізуге арналған нысандар, бағдарламаға енгізілетін өзгерістер туралы пікір алмасылды.