Азия кубогы: Өзбекстан U17 құрамасы финалға шықты
Сауд Арабиясында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының жартылай финалында Өзбекстан құрамасы КХДР (Солтүстік Корея) қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, айқын жеңіске жетті.
Ислом Исмоилов жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы осылайша 20 сәуір күні өтетін финалда турнир қожайыны — Сауд Арабиясына қарсы алаңға шығады.
Айта кетейік, бұл екі құрама топтық кезеңде де кездесіп, сол ойында Өзбекстан Сауд Арабиясын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді финалда қайта жолығатын командалар арасындағы текетірес ерекше тартысты болмақ.
